Оңтүстік Кореяның сарапшылары Қазақстанның саяси және экономикалық модернизация үрдістеріне жоғары баға беруде

Оңтүстік Кореяның сарапшылары Қазақстанның саяси және экономикалық модернизация үрдістеріне жоғары баға беруде

2022 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігінде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйекте жасаған халыққа жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға үстелге Қазақстан және Еуразия аумағын зерттеп жүрген оңтүстіккореялық ақыл-ой орталықтарының басшылары және өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев оңтүстіккореялық сарапшыларға Мемлекет басшысының жолдауының негізгі мазмұнын түсіндірді.

Кореяның Еуразиялық саясат институтының (Korea Eurasian Policy Institute) басшысы Ко Чже Нам Президенттің өкілеттік мерзімін 7 жылдық бір мерзімге шектеу Қазақстанда болып жатқан демократиялық өзгерістердің айқын дәлелі екенін атап өтті.

HUFS университеті жанындағы Орталық Азияны зерттеу институтының профессоры Ким Санг Чхоль Президенттік өкілеттікті өз еркімен қысқартумен байланысты демократиялық реформалардың Орталық Азия өңірі үшін бірегей екендігіне назар аударды. Қоғамның саяси процестерге кеңінен қатыстырылуы да оң бағаға ие.

Корея халықаралық сауда қауымдастығының (KITA) Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Ким Ги Хюн ел экономикасына мемлекеттің қатысуын қысқарту нарықтық экономика ережелеріне негізделген ашық бәсекелестікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін ерекше атап өтті. Осылайша, бизнес пен инвестициялар үшін жақсы перспективалар ашылуда.

Жалпы, оңтүстіккореялық сарапшылар ҚР Президенті ұсынып отырған демократиялық бағыттағы бастамаларға оң баға беріп, Қазақстандағы реформалар елдің саяси жәе экономикалық дамуына үлкен септігін тигізетініне сенім білдірді.

Сонымен қатар, Елші іс-шара қатысушыларына Қазақстанның АӨСШК-дегі төрағалығының басты мақсаты мен бағдары туралы түсініктеме беріп, ҚХР Төрағасы Си Цзинпиньнің және Рим Папасы Францисктің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарларының нәтижелері туралы айтып берді.