Қазақстан мен Оңтүстік Корея құқықтық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Оңтүстік Корея құқықтық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда

Сеул, 2022 жылғы 16 тамыз – Корея Республикасына ресми сапары барысында ҚР Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қ.Мәми Корея Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Ю Нам Сокпен кездесті.

Қ.Мәми сұхбаттасушыны азаматтардың, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және Бас Прокурордың өтініш жасау құқығымен Конституциялық Соттың құрылғанын ерекше атап өтіп, елде жүргізіліп жатқан конституциялық реформа туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Ю Нам Сок Кореядағы Қазақстандағы оқиғаларды қызығушылықпен бақылап отырғанын атап өтіп, кездесу екі ел арасындағы оң қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Кездесу барысында бұл сапардың конституциялық іс жүргізу саласындағы жаңа тәсілдерді зерделеудегі, сондай-ақ құқықтық саладағы тәжірибе, ақпарат және жетістіктермен алмасудағы маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында тараптар өзара тиімді әріптестік қағидаттарына негізделген Қазақстан-Корея қатынастарын нығайтуға қызмет ететін ынтымақтастықты одан әрі тереңдету қажеттігін атап өтті.