Сеулде Қазақстан мен Корея арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай көрме ашылды

Сеулде Қазақстан мен Корея арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай көрме ашылды

Сеул, 2022 жылғы 30 маусым – Оңтүстік Корея астанасында корейлердің Қиыр Шығыстан Қазақстанға жер аударылу тарихына арналған «Үміт елі» атты арнайы көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев,  Корей қорының Атқарушы вице-президенті Ри Джон Гук, Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының директоры Елена Ким, дипкорпус, бизнес орта, қоғам және БАҚ өкілдерін қоса алғанда 80-нен астам қонақ қатысты.

Қазақстан Елшісі Бақыт Дүйсенбаев құттықтау сөзінде бұл көрменің Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл, сондай-ақ елдеріміз арасындағы Мәдени алмасулар жылы аясында өткізіліп отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Елші өткен ғасырдың 30-шы және 40-шы жылдары Қазақстанға 100-ден астам түрлі ұлт өкілдерінен 5 млн. - ға жуық адам күштеп жер аударылғанын және бүгінгі күні Қазақстанда екі ел арасындағы алтын көпір болып табылатын 100 мыңнан астам корей ұлтының өкілдері тұрып жатқанын хабарлады.

Көрмеде негізгі қажеттіліктер, корей тіліндегі кітаптар, сертификаттар, пьесалардың қолжазбалары, музыкалық жазбалар, сондай-ақ корей халқының тарихы бар фотосуреттер, бейнежазбалар және деректі фильмдер және т.б. 100-ден астам түрлі экспонаттар қойылған.

Бұл көрмені Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігі, Корей қоры, «Коре Ильбо» газеті, Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры, сондай-ақ Вольгок Корёин мәдени орталығы ұйымдастырды.

«Үміт елі» көрмесі келушілерге 2022 жылдың 30 маусымы мен 6 тамызы аралығында 26 Euljiro 5-gil, Jung-gu, Seoul (Mirae Asset Center1, West Tower, 2 қабат) мекен-жайы бойынша Корей қорының галереясында қол жетімді болады. Кіру тегін.