2021 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Дүйсенбаев Корей қорының (Korea Foundation) жаңадан тағайындалған атқарушы вице-президенті, «ОАКР» ынтымақтастық Форумы Хатшылығының атқарушы директоры Ли Чжон Кукпен кездесу өткізді.
Елші Б.Дүйсенбаев Ли Чжон Кукты жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым -қатынастың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ кездесулерді тұрақты түрде өткізуге және мәдениет саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісті.