Оңтүстік Кореяда алғаш рет Қазақстанның Құрметті консулы тағайындалды

Оңтүстік Кореяда алғаш рет Қазақстанның Құрметті консулы тағайындалды

Ү.ж. 29 маусымда Сеулдегі ҚР Елшілігінде Құрметті консулдың патентін және "Dongil Highvill" Оңтүстік Кореялық компаниясының Президентіне Ко Донг Хён мырзаға экзекватура тапсыру рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы жаңадан тағайындалған құрметті консулы Ко Донг Хён Қазақстан мен Кореяның дипломатиялық қарым-қатынасы тарихындағы осындай маңызды лауазымдағы бірінші болып табылады.

Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы Құрметті консулының негізгі қызметі азаматтарымыздың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысты күшейтуге, сондай-ақ экономика, мәдениет, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесуге бағытталатын болады.

Құрметті Консул жұмысының юрисдикциясына Чхунчхоннам-до, Чхунчхонбук-до, Чхолланам-до, Чхоллабук-до, Кёнгсаннам-до, Кёнгсанбук-до және Канвон-до провинциялары кіреді.