Кореяның үздік лабораториясы Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуда

Кореяның үздік лабораториясы Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуда
Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Дүйсенбаев «Seegene Medical Foundation» компаниясының Президенті Чхон Чжонг Гимен кездесу өткізді. Компания Қазақстанға салып отырған инвестиция көлемін арттыруға ниетті. Атап айтқанда, корей тарапы жақын арада Алматы қаласында қосымша поликлиника және заманауи зертхананы ашуды жоспарлап отыр.
«Seegene Medical Foundation» - биохимиялық, иммунологиялық және молекулярлық диагностика саласындағы қызмет көрсететін компания. Оңтүстік Кореядағы ең ірі зертханалар желісін басқаруда.
2019 жылы «Seegene Medical Foundation» Алматы қаласындағы «MPK Qazaqstan» клиникасы жанында «SKCL» зертханасын ашу үшін инвестиция салған болатын.