Нұр-Султан мен Сеул ынтымақтастықты нығайтуда

Нұр-Султан мен Сеул ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Дүйсенбаев пен Соңдоң-гу ауданың мэрі Чжоң Вон О арасында кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданы мен Сеул қаласының Соңдоң-гу ауданы арасындағы достық қарым-қатынасты орнату және тиісті меморандумға қол қою туралы шешім қабылданды.

Корей тарапы бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастықты бастауға және делегациялармен алмасуға дайын екенін білдірді.

Сонымен бірге, елші Б.Дүйсенбаев Кореядағы ең үздік деп танылған вакцинация орталығымен танысты.

Соңдоң-гу ауданы Сеул қаласының орталық аудандарының бірі. Ауданда тұрып жатқан халық саны 300 мыңға жуық. Ауданда Ханянг секілді ірі университеттердің бірі және басқа да бірқатар білім, денсаулық сақтау және спорт нышандары бар.