Қазақстан және Оңтүстік Корея үкіметтері экономикалық ынтымақтастықтың іске асырылуын талқылады

Қазақстан және Оңтүстік Корея үкіметтері экономикалық ынтымақтастықтың іске асырылуын талқылады
2021 жылғы 27 мамырда «Самал жел» экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жұмыс тобының 2-ші отырысы өткізілді.
Тараптар энергетика, ауыл шаруашылығы, АТ және цифрландыру, аэроғарыш өнеркәсібі және қоршаған ортаны қорғай секілді мәселелерді талқылады.
Отырыстың қатысушылары көтерген ауқымды жобалардың бірі – Жерді қашықтықтан зондтау спутниктерін бірлесіп шығару. Қазіргі таңда бұл жоба пысықталуда.
Сонымен қатар, іс-шараға екі елдің мемлекеттік органдарының өкілдері және бизнес қаумдастықтық өкілдері қатысты.
Экономика саласындағы екіжақты қатынастарды арттыруға бағытталған "Самал жел" экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы Оңтүстік Корея Президенті Мун Чжи Иннің Қазақстанға жасаған сапары аясында, 2019 жылы қабылданды.