ҚР СІМ жанындағы Cыртқы саяси зерттеулер институты ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуде

ҚР СІМ жанындағы Cыртқы саяси зерттеулер институты ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуде
2021 жылы 25 мамырда Сеул қаласында ҚР Сырты істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты және Асан саяси зерттеулер институты арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Қазақстандық тараптың атынан Меморандумға Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Дүйсенбаев қол қойды.
Сонымен қатар, Елші Б.Дүйсенбаев және Асан институтының директоры Хан Сон Чжу бірлескен іс-шаралар және жобаларды іске асыру секілді болашақ ынтымақтастық әлеуетін талқылады.
Асан саяси зерттеулер институты ұлттық қауіпсіздік пен сыртқы саясат мәселелерін зерттеу саласындағы алдыңғы қатарлы оңтүстіккореялық мекеме болып табылады. 2015 жылы Институт «Chinese Academy for Social Studies» пікірінше әлемдік 100 зерттеу орталығының тізімінде жоғарғы орынға ие болды.