
Сеул, 2026 жылғы 26 маусым – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Асет Исенали Корея халықаралық сауда қауымдастығының (KITA) төрағасы Юн Чжин Шикпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар қазақ-корей сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады.
Бизнес өкілдері арасындағы тікелей байланыстарды нығайтуға, Қазақстан экономикасына корей инвестицияларын тартуға, өнеркәсіп, энергетика, көлік және логистика салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға, сондай-ақ инновациялар мен жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Тараптар алдағы алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» Саммиті аясында экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты. Тараптар бірлескен бастамаларды ілгерілетуде және Корея Республикасы мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетін ашуға іскер топтардың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Корея мүддесі үшін әріптестікті одан әрі нығайтуға, іскерлік байланыстарды дамытуға және жаңа бірлескен бастамаларды ілгерілетуге мүдделілігі расталды.
1946 жылы құрылған Корея халықаралық сауда қауымдастығы (KITA) Корея Республикасындағы ең ірі бизнес-қауымдастық болып табылады. Қауымдастық 77 мыңнан астам мүше компанияны біріктіреді және халықаралық сауданы дамытуда, корей бизнесін шетелдік нарықтарда қолдауда, сондай-ақ халықаралық экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуде маңызды рөл атқарады.