Қазақстан-Корея Үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысына баспасөз релизі

Қазақстан-Корея Үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысына баспасөз релизі

2020 жылғы 17 қарашада бейнеконференция форматында сауда-экономикалық және ғылыми - техникалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Қазақстан-Корея үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысы өтті.

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, ал оңтүстіккореялық делегацияны Корея Республикасының Индустрия, сауда және энергетика министрі Сон Юн Мо басқарды.

Отырыс барысында тараптар сауда, инвестиция, өнеркәсіп, энергетика, транспорт, логистика, ИТ, денсаулық сақтау салалардағы екіжақты қарым-қатынастың даму жолдарын талқылады. Отырыс нәтіжесі бойынша Хаттамаға қол қойылды.