
Сеул, 2026 жылғы 12 маусым – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Асет Исенали энергетикалық технологиялар мен инженерлік шешімдер саласындағы жетекші кореялық компаниялардың бірі – YPP Corporation компаниясының негізін қалаушы әрі Төрағасы Бек Чон Манмен кездесті.
Кездесу барысында YPP Corporation компаниясының Қазақстанның энергетика саласындағы бірқатар инвестициялық және технологиялық жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, жел және гидрогенерация қуатын пайдалана отырып жасыл сутегі мен жасыл аммиак өндіру жобалары, энергетикалық инфрақұрылымды және энергия жинақтау жүйелерін дамыту, сондай-ақ Қазақстан аумағында жоғары технологиялық шешімдер мен жабдықтарды жергіліктендіру мәселелері қарастырылды.
YPP Corporation жаңа энергетикалық технологияларды дамытуға және жасыл энергетика саласындағы жобаларды іске асыратын кореялық компания. Компания сутегі энергетикасы, жасыл аммиак өндіру, энергия сақтау жүйелері және энергетикалық инфрақұрылым салаларында құзыреттерге ие. Бұл оны Қазақстан үшін энергетикалық көшу жобаларын ілгерілету және заманауи экологиялық таза технологияларды енгізу бағытындағы әлеуетті маңызды серіктестердің бірі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.