Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумына қатысты

2026 ж. 17 сәуірде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия қаласында өткен Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты. Іс-шараға сондай-ақ бірқатар мемлекеттердің көшбасшылары мен делегация басшылары қатысты. Аталған форум дәстүрлі түрде саяси диалог, екіжақты және көпжақты байланыстар, сондай-ақ бейресми дипломатия үшін жоғары деңгейдегі халықаралық алаң болып табылады.

Форум аясында Мемлекет басшысы «Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» атты панельдік сессияда сөз сөйлеп, халықаралық негізгі сын-қатерлерге қатысты өз көзқарасын білдірді. Қазақстан Президенті стратегиялық ұстамдылықтың маңызын, БҰҰ-ны, ең алдымен Қауіпсіздік Кеңесін реформалау қажеттігін атап өтті, сондай-ақ жаһандық мәселелерді шешудегі орта державалардың рөлінің артып келе жатқанын айтты. Сонымен қатар, ол Таяу Шығыстағы жағдайға ерекше назар аударып, келіссөздерге және ядролық технологиялардың таратылмауы мәселелеріне басымдық беруге шақырды.

Толығырақ: https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-antaliya-diplomatiyalyk-forumynyn-paneldik-sessiyasyna-katysty-173471