
Сеул, 2026 жылғы 15 наурыз – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігінде республикалық референдумға арналған №422 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Шетелдегі қазақстандық азаматтар үшін ұйымдастырылған бұл учаскеде дауыс беру таңғы 7:00-ден бастап ашылды.
Сеул қаласындағы учаскеде алғашқылардың бірі болып Азия орман ынтымақтастығы ұйымының (AFoCO) қызметкері Қазақстан азаматы Ернар Сарсенбаев дауыс берді. Ол шетелде жүрген азаматтар үшін осындай маңызды саяси процеске қатысу мүмкіндігі жасалғанын жоғары бағалап, референдумға қатысу әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігінің көрінісі екенін атап өтті.
«Мұндай маңызды ұлттық мәселелер бойынша өз пікіріңді білдіру – әр азаматтың парызы. Референдум еліміздің дамуы мен болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік береді», – деді ол.
Сонымен қатар, Ернар Сарсенбаев Елшілік дауыс беру процесінің ашықтығын, заң талаптарына толық сәйкес ұйымдастырғанын және барлық қажетті жағдайларды жасағанын атап өтті. Сондай-ақ алғашқы дауыс берген азаматтарға шағын естелік сыйлықтар табысталды.
Елшілік Корея Республикасында жүрген барлық Қазақстан азаматтарын референдумға қатысып, өз таңдауын жасауға шақырады.