
Құрметті Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасының азаматтары,
Сіздерді 15 наурызда өтетін Референдумға қатысуға шақырамыз.
2026 ж. 15 наурызда (жергілікті уақыт бойынша сағ. 07:00-ден 20:00 дейін) Корея Республикасындағы ҚР Елшілігі жанындағы №422 дауыс беру учаскесінде жаңа Конституцияның жобасы бойынша республикалық референдум өтеді.
Елшілік жанындағы № 422 учаскесіндегі тізімге 18 жасқа толған, Кореяда уақытша немесе тұрақты тұратын және ҚР азаматының паспорты немесе жеке куәлігі бар барлық азаматтар енгізіледі.
Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу үшін Корея аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, Кореядағы мекенжайы, байланыс нөмірі) seoul@mfa.kz электрондық поштасына немесе +010 6572 9311 WhatsApp нөміріне жолдауды сұраймыз (ҚР Орталық комиссиясына жолдау мақсатында).
Сайлау күні Өздеріңізбен бірге ҚР азаматының төлқұжаты (паспорт немесе жеке куәлік, еgov.kz-тағы цифрлық құжат түрінде де болады) болуы қажет.
Сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефон нөміріне хабарласуды сұраймыз: + 82 23 79 9714.
Елшіліктің мекен-жайы: 53 Jangmun-ro, Yongsan-gu, Seoul 04392, South Korea.