Оңтүстік Корея актрисасы Қазақ ұлттық өнер университетінің драматургия өнерінің құрметті докторы атағын алды

Оңтүстік Корея актрисасы Қазақ ұлттық өнер университетінің драматургия өнерінің құрметті докторы атағын алды

2020 жылғы 28 қазанда Сеул Кибер Университетінің Чайковский залында әйгілі корей актрисасы Пак Жоң Жа ханымға Қазақ ұлттық өнер университетінің драматургия өнерінің құрметті докторы атағын беру туралы дипломды тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Құрметті доктор атағы Қазақстан мен Корея арасындағы театр өнері мен мәдени байланыстар саласындағы жоғары жетістіктерін атап өтуге байланысты берілді.

Құрметті доктор дипломын Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсаходжаеваның атынан Қазақстан Республикасының Елшісі Бақыт Дүйсенбаев табыстады. Өзінің құттықтау сөзінде Елші Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы дәстүрлі және достық қатынастардың жоғары деңгейін және мәдениет пен өнер саласындағы қайраткерлердің белсенді өзара ықпалдастығын атап өтті.

Салтанатты шараға Пусан халықаралық кинофестивалінің негізін қалаушы Ким Дон Хо, Сукмёнг қыздар университетінің президенті Жаң Юн Гим, Сеул өнер орталығының төрағасы Сон Сук, Сеул кибер университетінің төрағасы Ли Саң Гюн, Сеул кибер университетінің президенті И Ын Жу, Чунан Илбо газетінің Вице-президенті Ли Ха Гён, Шинил қорының құрметті төрағасы Ли Сэ Уң және тағы басқалар қатысты.

Пак Пак Жоң Жа 1962 жылы «Федра» қойылымындағы дебютінен кейін өмірінің 57 жылын сахнада өткізді. Бүгінгі күнге дейін ол 200-ден астам қойылымға қатысты. Ол Кореядағы ең үздік театр әртістерінің бірі болып саналады.