
Чонджу, 2026 жылғы 20 қаңтар – Чонджу қаласында Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Нұрғали Арыстанов пен Корея Республикасының Чунчхонбук-до провинциясының Губернаторы Ким Ён Хванның кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін қарастырып, екіжақты байланыстар мен туристік алмасудың оң серпінін атап өтті.
Чунчонбук-до провинциясы Корея Республикасының серпінді дамып келе жатқан өңірлерінің бірі болып табылады және өнеркәсіп, инновациялар мен туризм салаларында айтарлықтай әлеуетке ие. Бұл Қазақстан өңірлерімен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.
Сапар аясындағы ерекше шаралардың бірі Чонджу қаласында ұйымдастырылған, Қазақстанның тарихына, мәдениетіне және қазіргі дамуына арналған фотовыставканың ресми ашылуы болды. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан Елшісі мәдени бастамалардың Қазақстан мен Корея халықтары арасындағы өзара түсіністік пен жақындасуды нығайтудың тиімді құралы ретіндегі маңызын атап өтті.
Экспозиция Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық елшісі Ким Сан-уктың шамамен 50 фотожұмысын қамтиды. Автордың объективі арқылы келушілерге қазақстандық қалалардың заманауи келбеті мен елдің бай мәдени мұрасы ұсынылған. Көрме Чонджу өнер орталығында өтіп жатыр және 2026 жылғы 25 қаңтарға дейін жалғасады.