
Нұрғали Алмасбайұлы Арыстанов – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
1978 жылы 31 мамырда Қызылорда облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін және Дж. Хопкинс (АҚШ) университетін бітірген.
Өзінің дипломатиялық мансабын 1999 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты ынтымақтастық департаментінің референті болып бастады. 2000 жылы Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігіне жұмысқа кетіп, 2004 жылға дейін референт, атташе, үшінші хатшы лауазымдарын атқарды.
2004-2005 жылдары ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы болып жұмыс істеді. 2005-2009 жылдары – Үндістандағы ҚР Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы. 2009-2010 жылдары – ҚР СІМ Америка департаментінің бірінші хатшысы, кеңесшісі. 2010-2017 жылдары Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі болды.
2017 жылдан бастап ҚР СІМ Орталық аппаратында жұмыс істеп, 2019 жылға дейін ҚР СІМ Америка департаментінің басқарма басшысы, директордың орынбасары болды. 2019 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында ҚР СІМ Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің директоры қызметін атқарды. 2019-2021 жылдары ҚР СІМ Азия-Тынық мұхиты өңірі департаментінің директоры болды.
Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2021 жылдан бастап ҚР СІМ Америка департаментінің директоры болды.
І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие.
Ағылшын тілін меңгерген.