Қазақстан мен Юта штаты арасындағы ынтымақтастықты дамыту: Бас консулдықтың Солт-Лейк-Ситиге сәтті сапары

Қазақстан мен Юта штаты арасындағы ынтымақтастықты дамыту: Бас консулдықтың Солт-Лейк-Ситиге сәтті сапары
Солт-Лейк-Сити, 2024 ж, 18-20 қараша – Қазақстан Республикасының Сан-Францискодағы Бас консулы Назира Нұрбаева Солт-Лейк-Сити қаласына жұмыс сапармен барды.  Сапардың мақсаты Қазақстан мен Юта штаты арасындағы екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту болды.
 
Юта штатының лейтенант-губернаторы Д.Хендерсонмен кездесу барысында өңірлер арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
 
Сапар аясында Бас консул Ютадағы Дүниежүзілік сауда орталығында Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы бойынша іскер топтармен дөңгелек үстел өткізді.
 
Сонымен қатар, Юта Олимпиадалық мұра ұйымының басшылығымен, Юта туризм басқармасымен, Юта университетінің өкілдерімен келіссөздер жүргізіп, өзара ынтымақтастықты орнату бойынша кездесулер өткізді.
 
Сапар барысында Бас консул Юта штатында тұратын қазақ диаспорасының тыныс-тіршілігімен танысып, қазақ тілді үйрену бойынша курстарды, кітапхана ашу және басқа да мәдени бастамалар туралы пікір алмасты.