«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» VI байқауы ел Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналады

«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» VI байқауы ел Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Бас
редакторлар клубымен бірлесе отырып, 6-шы рет өтетін «Қазақстан шетелдік
БАҚ көзімен» байқауын ашық деп жариялайды.
Біз 2014 жылдан бастап өз жұмыстарында қазақстандық болмыстың
түрлі аспектілері туралы мейлінше шығармашыл, анық және объективті
баяндаған және өз материалдарын БАҚ-та жариялаған шетелдік авторларды
іріктеп келеміз. Ұйымдастырушылар VI сайысты Қазақстанның егемендігінің
30 жылдығына арнау туралы шешім қабылдады.
Байқауға қатысуға 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап 2021 жылдың
1 шілдесіне дейін Қазақстан туралы шетелдік БАҚ-та жарияланған
ақпараттық материалдар қабылданады.
Байқау жеңімпаздарын құрамына ҚР Сыртқы істер министрінің
орынбасары, Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы және «Бас
редакторлар клубының» басшысы кіретін қазылар алқасы анықтайды.
Өтінімдерді 2021 жылғы 10 шілдеге дейінгі мерзімде contest@mfa.kz
электронды поштасына жолдау қажет.
- Оңтүстік және Солтүстік Америка;
- Еуропа;
- ТМД және Балтық елдері;
- Таяу Шығыс және Африка;
- Азия-Тынық мұхит аймағы елдері болып жіктелген
географиялық бағыттардан іріктелген 5 жеңімпаз 2021 жылғы тамыз айында
Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан қалалары мен Бурабай демалыс аймағына
бару және ауқымды мәдени бағдарлама кіретін, Қазақстанға сапар шегу
жүлдесіне ие болады.
Сонымен қатар, қазақстандық және шетелдік авторлардың арасындағы
ұзақ мерзімді байланыс және ынтымақтастық құруға жәрдемдесу үшін
байқау жеңімпаздарының мемлекеттік сектордың өкілдерімен, сарапшылар
және журналистермен, Қазақстанның ғылым және мәдениет
қызметкерлерімен кездесулері ұйымдастырылатын болады.
Байқау қорытындысын 2021 жылдың 1 тамызына дейін жариялауды
жоспарлауда.
Байқау ұйымдастырылған өткен жылдары шетелдік БАҚ-тардың
Қазақстанға, оның мәдениетіне, экономикасы мен халқының өміріне деген
қызығушылықтың артып келе жатқанын айғақтады.
Байқауға қатысу және өтінім нысаны жөніндегі ақпаратты төмендегі
сілтеме бойынша табуға болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/intinf/press/news/details/212652?lang=kk

«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» конкурсына қатысу ережелері
 Конкурсқа қатысуға барлық мемлекеттердің азаматтары шақырылады
(Қазақстан азаматтарынан басқа);
 Конкурсқа шетелдік баспа, электронды және онлайн БАҚ штаттық және
штаттан тыс қызметкерлері қатыса алады;
 Конкурсқа шетелдік БАҚ-та 2020 жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың
1 шілдесіне дейін жарияланған 300-ден 3000-ға дейінгі сөзден тұратын
ақпараттық материал / ұзақтығы 2-ден 60 минутқа дейінгі телевизиялық
немесе радио репортаж, подкаст қатыса алады;
 Егер ақпараттық материалдың тілі ағылшын немесе орыс тілі болмаса,
оның сол тілдердегі немесе қазақ тіліндегі аудармасын тіркеу міндетті;
 Толтырылған өтінімдерді жарияланған материалмен және оның
аудармасымен мына электронды поштаға жіберу қажет: contest@mfa.kz
 Материалдардың тақырыбы Қазақстанға қатысты бір немесе келесі
5 саланың бірнешеуін қамтуы тиіс: экономика және сауда, мәдениет
және дәстүр, тарих, туризм, заманауи қоғам, спорт;
 Барлық материалдарды 2021 жылдың 10 шілдесінен кешіктірмей жіберу
қажет;
 Әділқазылар төмендегі аймақтардан 5 жеңімпазды таңдап алады:
- Оңтүстік және Солтүстік Америкадан;
- Еуропадан;
- ТМД және Балтық елдерінен;
- Таяу Шығыс пен Африкадан;
- Азия-Тынық мұхит аймығынан;
 Конкурс қорытындысын 2021 жылдың 1 тамызына дейін жариялау
жоспарланған;
 Жеңімпаздар Қазақстанға сапармен марапатталады.

Өтінім нысаны

 

 

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

 

 

 

 

Туған жылы, айы, күні

 

 

 

 

Азаматтығы

 

 

 

 

Тұрып жатқан мемлекеті, қаласы

 

 

 

 

БАҚ штаттық /штаттан тыс қызметкері

 

 

 

 

 

Материалы жарияланған БАҚ атауы

 

 

 

Материалға сілтеме және оның толық мәтіні (тіркеу)

 

 

 

Материалдың жазылған тілі

 

 

 

Ағылшын және орыс тілдеріндегі аудармасы (тіркеу)