Беркли қаласындағы Калифорния мемлекеттік университетінің өкілдерімен бейнеконференция өткізілді

Беркли қаласындағы Калифорния мемлекеттік университетінің  өкілдерімен бейнеконференция өткізілді

Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында Калифорния штатындағы Berkeley университетінің Шығыс Азияны зерттеу институтында қайта құрылған Орталық Азия жұмыс тобы (Central Asia Working Group)  жөнінде бейнеконференция өтті.

Онлайн-кездесудің мақсаты - Сан-Франциско қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы мен қайта құрылған жұмыс тобының өкілдері арасында алғашқы іскерлік байланыс орнату, сондай-ақ Berkeley университеті мен «Алматы Менеджмент Университеті» (Алматы қаласындағы бұрынғы Халықаралық Бизнес Академиясы) арасында ынтымақтастық орнату.

Конференцияға Калифорниядағы білім беру мекемесінің профессорлары мен қазақстандық университетінің басшылығы қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша Беркли университеті мен қазақстандық университеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытудың «жол картасын» әзірлеу туралы келісімге қол жеткізілді.