«Advisory Board»-тың алғашқы отырысы өтті

«Advisory Board»-тың алғашқы отырысы өтті

Шетелдегі қазақстандықтардың әлеуетін іске асыруға жағдай жасау жөніндегі Президенттің тапсырмасы аясында осы жылғы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасының Сан-Францискодағы Бас консулдығының қолдауымен «Advisory Board»-тың бірінші отырысы өтті.

Кездесу барысында қазақстандық ІТ-қызметтердің экспортын арттыру, инвестициялар мен ірі компанияларды Қазақстанның ІТ-саласына тарту және Кремний алқабындағы қазіргі тенденциялар мәселелері талқыланды.

«Advisory Board» құрамына Кремний алқабындағы «Amazon», «Google», «Robinhood Markets Inc», «iSOFTStone», «Lucid Motors» және тағы басқа ірі технологиялық компанияларда жұмыс істейтін қазақстандықтар кіреді.

Кездесуге Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусин, сондай-ақ «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ мен Astana Hub басшылығы қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша «Advisory Board»-тың отырысын тұрақты негізде өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.