БІРЖАҚТЫ ВИЗАСЫЗ РЕЖИМДІ ТОҚТАТА ТҰРУ

БІРЖАҚТЫ ВИЗАСЫЗ РЕЖИМДІ ТОҚТАТА ТҰРУ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 727 қаулысына сәйкес 57 елдің, оның ішінде Америка Құрама Штаттарының азаматтары үшін біржақты визасыз режим уақытша тоқтатылды.

Аталған суспензиялар Қазақстан Республикасында коронавирустың (COVID-19) таралуына қарсы алдын алу шарасы ретінде қабылданды және 2020 жылғы 1 қарашадан бастап 2021 жылғы 1 мамырға дейін қолданылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай Халық Республикасы мен Үндістан Республикасының азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режим 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатылды.

Қазақстан Республикасына 2021 жылғы 1 мамырға дейін баруды жоспарласаңыз тиісті (қолданыстағы ережелерге сәйкес) санаттағы визаны алу қажет.