Мәдени көпір: Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының Самарқандта гастрольі өтті

Мәдени көпір: Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының Самарқандта гастрольі өтті

2025 жылғы 26–27 сәуірде Самарқанд қаласында Шығыс Қазақстан облыстық орыс драма және оперетта театрының гастролдік сапары өтті. Шара Самарқанд облыстық орыс драма театрының сахнасында ұйымдастырылып, көрермен назарына үш қойылым ұсынылды: Н.В.Гогольдің «Үйлену» комедиясы, Рэй Куни шығармаларының желісі бойынша қойылған «Ол, ол, терезе және мәйіт» пьесасы және С.Г.Астраханцевтің жас көрермендер арасында үлкен қызығушылық тудырған «Түлкі мен Қоян» ертегісі.

Бұл гастроль мәдени диалогты кеңейту мен халықтар арасындағы достықты нығайту ісінде маңызды қадам болды.

Іс-шара аясында Шығыс Қазақстан облыстық орыс драма театры мен Самарқанд облыстық орыс драма театры арасында өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім екі театр арасында мықты мәдени көпірдің негізін қалап, шығармашылық ұжымдардың бірлескен жобаларын жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашуға септігін тигізеді.