Бас консул Самарқанд облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшылығымен және жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесу өткізді

Бас консул Самарқанд облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшылығымен және жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесу өткізді

2025 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулдығы мен Самарқанд облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының қолдауымен «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары И.Ансаттың Самарқанд облысының ауыл шаруашылығы өндірушілерімен және фермерлерімен кездесуі өтті.

Тараптар Шығыс Қазақстан облысының нарықтарына жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін ұзақ мерзімді жеткізу мүмкіндіктерін талқылады.

Өз кезегінде, И.Ансат «Ертіс» ӘКК» АҚ-ның астық, ұн, күнбағыс майы, ет және т.б. қоса алғанда, қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен тікелей байланыс орнатуға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.

Іскерлік ахуалда және өнімді өткен кездесуде Самарқанд облысының ауыл шаруашылығы өндірушілері мен фермерлері делегациясының өз өнімдерін тікелей жеткізу мүмкіндігін қарастыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.