
2025 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Талғат Шәріпов Самарқанд өңірлік салааралық өнеркәсіптік «PROM PRO EXPO 2025» жәрмеңкесіне және аяқ киім, кілем бұйымдары, жиһаз, құрылыс және әрлеу материалдары, тамақ, тоқыма өнеркәсібі өнімдері, туристік қызметтер, автомобиль өндірісі, фармацевтика, электротехника және т.б. өндіруге маманданған кәсіпорындардың қатысуымен өткен Өнеркәсіпшілер форумына қатысты.
Іс–шара аясында жетекші компаниялардың өкілдері-спикерлер отандық кәсіпорындардың жетістіктері мен тәжірибесін таныстырды, сондай-ақ панельдік пікірталастар болып өтті.
Өнеркәсіпшілер форумы барысында Бас консул бірқатар кездесулер өткізіп, панельдік пікірталастарға қатысып, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, үрдістер мен кеңейту мүмкіндіктерін талқылады, сондай-ақ Қазақстанға инвестициялар тартуды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері негізінде мемлекеттік қолдау туралы хабардар етті.