2024 жылғы 21 қарашада Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Талғат Шәріпов «Tenge Bank» АКБ «Самарқанд» банк қызметтері орталығының басқарушысы Джамшед Кабиловпен кездесу өткізді.
Бас консул «Tenge Bank» АКБ-нің Өзбекстанның қаржы нарығында болуының және Қазақстан нарығында жинақталған тәжірибені ескере отырып, банктің қосымшасы арқылы инновациялық қаржы сервистері мен өнімдерін енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесуде тараптар Өзбекстан экономикасының түрлі салаларындағы «Tenge Bank» АКБ-ның қызметін кеңейту перспективаларын талқылады, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның экономикалық субъектілері арасындағы бірлескен жобаларды іске асыруды қаржылық қолдау құралдарын дамытудың маңыздылығын атап өтті.