2024 жылғы 9-10 ақпанда Самарқанд қаласында Орталық Азияның туризм саласындағы сарапшылары мен бизнес өкілдерінің басын қосқан Samarkand Tourism Forum болып өтті. Іс-шара аясында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ның төрағасы Қайрат Сәдуақасов қатысушыларға «Қазақстанның туризм саласындағы мемлекеттік-жекешілік әріптестігі» туралы егжей-тегжейлі баяндады. Форум барысында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Өзбекстанның ең ірі туроператорларының бірі Rocket Group-пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастық нәтижесінде екі ел арасындағы туризмді өзара тиімді негізде дамыту атап айтқанда, Түркиядан, Оңтүстік Кореядан және басқа да бірқатар елдерден Түркістанға Rocket Group компаниясының туристік топтарын тарту жоспарлануда.