Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы «Жібек жолы» Халықаралық туризм және мәдени мұра университетіне барды

Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы «Жібек жолы» Халықаралық туризм және  мәдени мұра университетіне барды

         2026 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Талғат Шәріпов «Жібек жолы» Халықаралық туризм және мәдени мұра университеті ректорының міндетін атқарушы Мухсинжон Холмухамедовпен кездесті.

         Кездесуде ғылыми-білім беру, академиялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-өзбек ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды. Жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту, оның ішінде екі елдің жоғары оқу орындары арасында тікелей байланыс орнату мәселелеріне ерекше назар аударылды.

         Сұхбаттасушылар бірлескен іс-шаралар ғылыми конференциялар, академиялық алмасулар, білім беру бағдарламалары мен мәдени бастамаларды ұйымдастыруға өзара қызығушылық танытты.

         Кездесу соңында Талғат Шәріпов Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ғылым, білім беру және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін растады.