
2026 жылғы 17 наурызда Самарқанд қаласының халықаралық әуежайында «FlyArystan» лоукостер әуе компаниясының «Алматы – Самарқанд – Алматы» бағыты бойынша тікелей халықаралық рейсінің ашылуына арналған салтанатты рәсім өтті. Іс-шараға Самарқанд облысы хокимінің орынбасары Рустам Кобилов, Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Талғат Шәріпов, сондай-ақ «FlyArystan» және «Air Marakanda» (әуежайларды басқару жөніндегі оператор компания) компанияларының басшылығы, ресми қонақтар, серіктестер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Бас консул құттықтау сөз сөйлеп, екі елдің ірі қалалары арасындағы тікелей рейстің іске қосылуы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты белсенді дамытуға, туристік, ғылыми-академиялық және білім беру алмасуларын арттыруға, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени және гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге зор маңызға ие екенін атап өтті.
Самарқанд – Алматы рейсіне алғаш болып тіркелген жолаушы «FlyArystan» әуе компаниясынан тегін әуе билетін алу сертификатына ие болды, ал «Air Marakanda» компаниясы CIP-залға тегін қолжетімділік ұсынды.
«Алматы – Самарқанд – Алматы» бағыты бойынша тікелей рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Әуе билеттерін FlyArystan мобильді қосымшасы арқылы және flyarystan.com сайтында сатып алуға болады.