Самарқанд облысында қазақстандық компания қызметкерлерімен кездесу туралы

Самарқанд облысында қазақстандық компания қызметкерлерімен кездесу туралы

2026 жылғы 25 ақпанда Өзбекстан Республикасының Самарқанд облысы Нұрабад ауданында («Сазаған» елді мекені) Қазақстан Республикасының Бас консулдығының консулы А.Нұрашов Қазақстан Республикасының азаматтары — Өзбекстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асырып жатқан «Hi-Teck Qazaqstan» (күн электр станцияларын салу және монтаждау) қазақстандық мердігер компаниясының қызметкерлерімен кездесуі өткізді.

         Кездесу барысында отандастардың еңбек қызметі жағдайлары зерделеніп, консул Қазақстан азаматтарына Өзбекстан Республикасының заңнамасын, оның ішінде еңбек тәртібі мен көші-қон талаптарын сақтау қажеттігін, сондай-ақ қабылдаушы елдің ұлттық дәстүрлері мен мәдениетіне құрметпен қараудың маңыздылығын түсіндірді.

         Сонымен қатар, шетелде жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқықтарын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қызметкерлерге алдағы республикалық референдумға қатысу тәртібі түсіндіріліп, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі жанындағы (Ташкент қ.) сайлау учаскесінің жұмысы туралы ақпарат жеткізілді.

         Бас консулдық Өзбекстан Республикасы аумағында уақытша болатын және еңбек қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.