
2026 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулдығының өкілдері Самарқанд халықаралық технологиялық университеті қызметінің 4 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
Іс-шара аясында университет қызметі қорытындыланды, инженерлік-техникалық кадрларды даярлаудағы, халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы және заманауи білім беру бағдарламаларын енгізудегі жетістіктер атап өтілді.
Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулдығы осы мүмкіндікті пайдалана отырып, білім және ғылым саласындағы Қазақстан-Өзбекстан өзара іс-қимылын одан әрі дамытуға, оның ішінде екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы академиялық байланыстарды кеңейтуге мүдделілігін тағы да растайды.