
2025 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулдығында Бас консул Талғат Шәріпов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті (Астана, Қазақстан Республикасы) өкілдері тарих ғылымдарының кандидаты, аймақтану кафедрасының доценті Пана Калынбаевна Килыбаева және PhD, халықаралық қатынастар факультетінің шет тілдері кафедрасының меңгерушісі Лязат Қасымовна Мейрамбековамен кездесті.
Ғалымдар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы «Монголия мен Өзбекстаннан шыққан қандастардың әлеуметтік-мәдени дамуын салыстырмалы талдау» атты ғылыми жобаны жүзеге асыру аясында Өзбекстан Республикасына іссапармен келген. Кездесу барысында жүргізіліп жатқан зерттеудің негізгі бағыттары, қандастарды интеграциялау мәселелері, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы этнология, әлеуметтік-мәдени үрдістер және миграциялық зерттеулер саласындағы ғылыми ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Бас консул бұл зерттеудің қандастарға қатысты мемлекеттік саясатты жетілдіру үшін маңыздылығын атап өтіп, жобаның сәтті жүзеге асырылуына қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.