
2025 жылғы 4-5 желтоқсанда Самарқандта Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығына (ОАӨАОО) қатысушы мемлекеттердің ұлттық үйлестірушілер кеңесінің (ХҒК) отырысы өтті. Қазақстандық делегацияны ҚР Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл Комитетінің Төрағасы Данияр Мейірхан басқарды.
Отырысқа Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан ОАӨАОО қатысушы жеті елдің Ұлттық үйлестірушілері, сондай-ақ БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) өкілдері қатысты.
Кездесудің басты тақырыбы қауіпсіздік саласындағы заманауи сын-қатерлерге тиімді қарсы тұру және өңірдегі орнықты даму мақсаттарына жәрдемдесу үшін орталықтың әлеуетін кешенді нығайтуға бағытталған «ОАӨАҮО 2.0» бастамасы болды. Есірткінің заңсыз айналымына және соған байланысты трансұлттық қатерлерге қарсы күрес Орталық Азиядағы тұрақтылық пен әлеуметтік – экономикалық прогресті қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылатыны атап өтілді.
Отырыс барысында қатысушылар «ОАӨАҮО 2.0» тұжырымдамасы шеңберінде ОАӨАҮО стратегиялық дамуының негізгі бағыттарын қарастырды. Орталық қызметінің өзекті мәселелері, оның ішінде оның ұйымдық құрылымын жетілдіру, жұмыстың жаңа бағыттарын дамыту (оның ішінде киберқауіптерге және синтетикалық есірткілердің таралуына қарсы іс-қимыл), ақпараттық-талдамалық ресурстарды жаңғырту, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты кеңейту талқыланды.
Кездесу соңында тараптар отырыс шешімдерін іске асыру ОАӨАҮО-ның дамуына және өңірлік есірткіге қарсы кооперацияның тиімділігін арттыруға жаңа серпін беретінін атап өтті. «ОАӨАҮО 2.0» тұжырымдамасы Қауіпсіздіктің кешенді сын-қатерлеріне төтеп бере алатын және сол арқылы Орталық Азия өңірінің орнықты дамуына үлес қоса алатын неғұрлым қуатты және заманауи тетікке орталықты одан әрі трансформациялаудың негізі болады. Қатысушылар серіктестік рухында және аймақтағы бейбітшілік пен әл-ауқат үшін ортақ жауапкершілікте бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыру міндеттемесін растады.