
Қазақстандық SCAT Airlines әуе компаниясы Түркістан Хазрет Сұлтан халықаралық әуежайынан (HSA) Өзбекстанның үш қаласына – Үргеніш, Бұқара және Самарқандқа тікелей әуе рейстерінің ашылғанын хабарлады.
Түркістан мен Өзбекстан қалалары арасында тікелей әуе қатынасының іске қосылуы туристік, мәдени және іскерлік байланыстарды дамытуда жаңа мүмкіндіктер ашады. Бастама туроператорлар мен іскер орта тарапынан жоғары бағаға ие болды. Сарапшылардың пікірінше, жаңа бағыттар логистиканы айтарлықтай жеңілдетіп, жол уақытын қысқартып, екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға ықпал етеді.
Рейстердің басталуы 2025 жылдың желтоқсан айына жоспарланған және билеттер сатылымда қолжетімді.
✈ SCAT Airlines жаңа бағыттарының кестесі
Басталуы: 2025 жылғы 1 желтоқсан
Жиілігі: аптасына үш рет — дүйсенбі, жұма, жексенбі.
Басталуы: 2025 жылғы 2 желтоқсан
Жиілігі: аптасына үш рет — сейсенбі, бейсенбі, сенбі.
Басталуы: 2025 жылғы 3 желтоқсан
Жиілігі: аптасына үш рет — сәрсенбі, жұма, жексенбі.
Барлық бағыттар бойынша бір бағытқа билет бағасы 40 000 теңгеден басталады.
Билеттер SCAT Airlines ресми сайтында қолжетімді.
Қазақстандық әуе тасымалдаушы заманауи ұшақтармен қызмет көрсетіп, жолаушыларға жоғары деңгейдегі қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етеді.
Еске салайық, бұған дейін, 2025 жылғы 7 қарашада, қазақстандық QAZAQ AIR әуе компаниясы «Астана – Самарқант – Астана» жаңа халықаралық тұрақты рейсін ашты. Рейстер аптасына екі рет – жұма және жексенбі күндері орындалады.
Билеттер flyqazaq.com сайтында және әуе компаниясының ресми серіктестерінде сатылымда.