Түркия Республикасының Бас консулы Сердар Дениз Самарқанд қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығына сыпайылық сапары өтті

Түркия Республикасының Бас консулы Сердар Дениз Самарқанд қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығына сыпайылық сапары өтті

2025 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулдығына Түркия Республикасының Самарқанд қаласындағы жаңадан тағайындалған Бас консулы Сердар Дениз ресми сапарымен келді.

Тараптар Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының қарым-қатынастары тарихи және мәдени құндылықтардың ортақтығына, сондай-ақ тығыз саяси және экономикалық байланыстарға негізделген кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Өңірлік даму мәселелері бойынша өткен пікір алмасу барысында Самарқандтың маңызды дипломатиялық белсенділік орталығы ретіндегі рөлі артып келе жатқаны ерекше атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар дипломатиялық өкілдіктер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, оның ішінде ақпарат алмасу, қазақстан-түрік қатынастарын тереңдетуге бағытталған жүйелі жұмысты жалғастыру, сондай-ақ екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейтуге қолдау көрсетуге өзара мүдделілік танытты.

Өз тарапынан Қазақстан Республикасының Бас консулы Талғат Шарипов Сердар Денизге дипломатиялық қызметінде табыс тіледі.