
2025 жылғы 6 қарашада Самарқан қаласында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің және Қазақстан Республикасының Самарқан қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен қазақстандық симфониялық «NE PROSTO ORCHESTRA» оркестрінің гастрольдік концерті өтті.
Музыкалық ұжым түрік сериалынан кеңінен танылған «Великолепный век» культтік саундтрек-концертін ұсынды. Бағдарламаға түркі өркениетінің тарихи және мәдени мұрасын айқындайтын музыкалық шығармалар енді. Көрермендер назарына авторлық аранжировкаларда орындалған танымал музыкалық композициялардың заманауи интерпретациялары ұсынылды.
Мұндай мәдени шаралар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық пен тату көршілік байланыстарды нығайтуда, сондай-ақ ұлттық өнерге деген өзара қызығушылық пен екі елдің шығармашылық алмасуын дамытуда маңызды рөл атқарады.
Қазақстан Республикасының Самарқан қаласындағы Бас консулдығы жоғары кәсіби деңгейде орындалған бағдарлама үшін «Не просто оркестр» ұжымына, сондай-ақ шараның табысты өтуіне қолдау көрсеткен ұйымдастырушылар мен серіктестерге алғыс білдіреді.