2025 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулдығында «Жібек жолы» халықаралық туризм және мәдени мұра университетінде грант негізінде білім алып жатқан қазақстандық магистранттармен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында сапалы білім алудың маңыздылығын атап өтіліп, магистранттарды кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі білім беру және мәдени бастамаларға белсенді қатысуға шақырылды.
Сонымен қатар, отандас-магистранттарды Бас консулдықтың қызметі, Қазақстан азаматтарының консулдық есепке тіркелуінің маңыздылығы, сондай-ақ Өзбекстанда шетелдік азаматтардың ұлттық заңнамасының міндетті сақталуы туралы ақпарат беріп, олардың қойған сұрақтарына жауап берілді.
Қазіргі уақытта «Жібек жолы» халықаралық туризм және мәдени мұра университетінде грант бойынша Қазақстанның 7 азаматы білім алуда. Жыл сайын үкіметаралық келісім шеңберінде Қазақстан азаматтарына Өзбекстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу үшін мемлекеттік білім беру гранттары бөлінеді