2025 жылғы 3-5 қазанда Самарқанд және Қаттақұрған қалаларында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің және Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен «Жастар» театрының (Астана қ.) гастрольдері өтті.
Гастрольдік бағдарлама аясында көрермендердің назарына заманауи музыкалық қойылымдар — «Жібек» және «Таптым. Ғашық болдым. Жоғалттым» мюзиклдері ұсынылып, мәнерлі актерлік шеберлігімен және терең музыкалық сүйемелдеуімен көрермендердің шынайы көңіл-күйін жаулап алды.
Қойылымдар өзіндік режиссурасымен, заманауи сахналық дизайнымен және актерлік құрамның жоғары кәсібилігімен ерекшеленді.
Гастрольдік сапар соңында «Жастар» театрының әкімшілігі Самарқанд облысының әкімдігі басшылығына гастрольдік қойылымдарды өткізуге көмек көрсеткені, қолдау көрсеткені және қолайлы жағдай жасағаны үшін алғысын білдірді. Алғыс ретінде әкімдік өкілдеріне алғыс хаттар табысталды.
Мұндай мәдени іс-шаралар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық пен тату көршілікті нығайтуда маңызды рөл атқарады, сондай-ақ екі ел арасындағы ұлттық өнерге және шығармашылық алмасуға өзара қызығушылықты дамытуға ықпал етеді.
«Жастар» театрының гастрольдері Самарқанд пен Каттакұрғанның мәдени өміріндегі жарқын оқиға болып, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады сондай-ақ өнер мен мәдениет саласындағы жаңа бірлескен жобалардың бастауы болды.