Бас консул Самарқанд облысы хокимінің орынбасарымен кездесті

Бас консул Самарқанд облысы хокимінің орынбасарымен кездесті

2025 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Талғат Шәріпов Самарқанд облысы хокимінің орынбасары Рустам Кобиловпен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету перспективаларын талқылады, сондай-ақ қазақстандық шығармашылық ұжымдардың қатысуымен Самарқанд қаласында өтетін алдағы мәдени іс-шараларды ризашылықпен атап өтті.

  • 2025 жылғы 3-4 қазанда Х.Әлімжан атындағы Самарқанд облыстық-музыкалық драма театрының сахнасында, 2025 жылғы 5 қазанда Қаттақұрған қаласындағы А.Мажидий атындағы қалалық драма театрының сахнасында «Жастар» театрының гастрольдік сапарлары өтеді;
  • 2025 жылғы 3-4 қарашада Өзбекстанда қазақстандық кино күндері өтеді;
  • 2025 жылғы 6 қарашада Х.Әлімжан атындағы Самарқанд облыстық музыкалық-драма театрының сахнасында «NE Prosto Orchestra» симфониялық оркестрі мен хоры өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, Шымкент өзбек драма театры және Х.Әлімжан атындағы Самарқанд облыстық музыкалық-драма театрымен бірлескен спектакль қою мәселесі қаралды.

Кездесу соңында тараптар жоспарланған іс-шаралар мәдени ынтымақтастықты тереңдетуге, екі ел халықтары арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.