Классика мен заманауилық бір сахнада: Горький театры Самарқандта

Классика мен заманауилық бір сахнада: Горький театры Самарқандта

2025 жылғы 26–27 қыркүйек күндері Самарқанд облыстық орыс драма театрының сахнасында Қазақстан астанасындағы ең көне өнер ордаларының бірі – биыл 125-ші театр маусымын ашып отырған М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының гастрольдік қойылымдары өтті.                                                                   

Гастроль бағдарламасында самарқандық көрермендерге бірнеше әсерлі спектакль ұсынылды. Ересек қауым А.С.Пушкиннің мәңгілік классикасына жаңа серпін берген «Евгений Онегин» қойылымын және тапқыр да көңілді «Господин Журден – барқыттағы бостық» комедиясын тамашаласа, кішкентай театр сүйерлер Т.Уфимцева жазған сиқырлы «Щелкунчик» ертегісінің мерекелік сиқырына бөленді.                                                                                           

1899 жылы негізі қаланған М. Горький театры Астана мен күллі Қазақстанның мәдени өмірінде ерекше орын алады. Ғасырдан астам тарихында ол актерлік шеберліктің және сахналық мәдениеттің нағыз мектебі атанып, классика мен заманауи бағытты ұштастыра отырып шығармашылық ізденісін тоқтатқан емес. Бүгінде театр еліміздегі жетекші өнер ұжымдарының бірі ретінде халықаралық фестивальдерге қатысып, белсенді гастрольдік сапарлар арқылы театр кеңістігінің аясын кеңейтіп келеді.        

Самарқандтағы бұл гастрольдер жаңа мәдени маусымның жарқын оқиғасына айналып, үлкендерге де, балаларға да қазақстандық театр өнерінің сиқырын сезінуге мүмкіндік сыйлады.