Бас консулдыққа үшінші жастағы Халықаралық университеттер қауымдастығының президенті, профессор Франсуа Веллас келді

Бас консулдыққа үшінші жастағы Халықаралық университеттер қауымдастығының президенті, профессор Франсуа Веллас келді

2025 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Талғат Шәріпов үшінші жастағы Халықаралық университеттер қауымдастығының президенті, профессор Франсуа Велласпен, Братиславадағы экономика университетінің басқарма мүшесі және үшінші жастағы университеттің директоры, профессор Янка Себера Хладечкамен, «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы техника ғылымдарының докторы, профессор Найман Қалабаев және «Жібек Жолы» халықаралық туризм және мәдени мұра университетінің кафедра меңгерушісі, философия докторы (PhD) Тахмина Акрамовамен кездесті.

Франсуа Веллас үздіксіз білім беру идеясын қолдауға, ересектер мен зейнеткерлік жастағы адамдардың білім деңгейін арттыруға жағдай жасауға, ғылыми-зерттеу, мәдени және әлеуметтік жобаларды дамытуға бағытталған үшінші жастағы Халықаралық университеттер қауымдастығының (AIUTA) қызметі туралы айтты.

Кездесу барысында Найман Қалабаев тәжірибе алмасу, аға буын адамдар үшін білім беру бағдарламаларын дамыту, үздіксіз білім беру саласында бірлескен ғылыми және білім беру бастамаларын іске асыру үшін негізгі өңірлік алаңға айналатын үшінші жастағы университеттердің Орта Азия хабын құру перспективаларына ерекше назар аударды.

Кездесуге қатысушылар бұл бастаманың белсенді ұзақ өмір сүру идеяларын ілгерілету, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және «күміс» жастағы адамдарға білім беруді қолдау мен дамытудың ортақ мақсаты төңірегінде Орталық Азияның жетекші университеттерін шоғырландыру маңыздылығын атап өтті.

Бас консул өз тарапынан білім беру бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтіп, қол жеткізілген уағдаластықтар ауқымды жобалардың бастамасы болатынына, сондай-ақ Қазақстанның, Өзбекстанның жетекші университеттері мен халықаралық академиялық құрылымдар арасындағы әріптестік байланыстарды нығайтуға және ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.