2025 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен «Sergek Project Ltd» қазақстандық компаниялар тобының өкілдері - Жаһандық нарықтар жөніндегі Вице-президенті Алена Ткаченко мен Орталық Азия нарықтары жөніндегі басшысы Дәурен Болатов Самарқанд қаласы хокимінің орынбасары Э. Раджабовпен және Самарқанд халықаралық технологиялық университетінің (SIUT)оқу жөніндегі проректоры А. Сайфуллаевпен кездесулері өтті.
Кездесулер барысында Sergek Group компаниясының Самарқанд облысындағы технологиялық мүмкіндіктері мен стратегиялық көзқарасы, оның ішінде ақылды қалалар үшін AI-шешімдерді әзірлеу және енгізу (жол қозғалысын басқарудың, қоғамдық қауіпсіздіктің және экологиялық мониторингтің зияткерлік жүйелері) таныстырылды.
Тараптар шешімдерді оқшаулау, техникалық трансфер және кадрлар даярлау әлеуетін зерделеуді, сондай-ақ бірлескен білім беру жобаларын іске асыру перспективаларын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді және практикалық IT-бастамаларды енгізуді қоса алғанда, өңірді цифрлық дамыту саласындағы әріптестіктің ықтимал форматтарын талқылады.
Нәтижелі және іскерлік ахуалда өткен кездесулердің қорытындысы бойынша цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дәйекті жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.