2025 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Талғат Шәріпов Самарқанд облысының Инвестициялар және сыртқы сауда басқармасы бастығының бірінші орынбасары Шероз Собировпен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан өңірлері мен Самарқанд облысы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды. Біздің елдерімізде өзара сауда номенклатурасын ұлғайту және кеңейту үшін барлық қажетті құралдар мен мүмкіндіктер бар екендігі атап өтілді.
Экономиканың түрлі салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бас консул Қазақстанға инвестициялар тартуды мемлекеттік қолдау туралы, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері туралы хабардар етті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың барлық өзара тиімді бағыттары бойынша тығыз байланыста болуға дайын екендіктерін растады, сондай-ақ Қазақстан өңірлері мен Самарқанд облысы арасында өзара өнім жеткізуді ұлғайтуға бағытталған бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.