2025 жылдың 30 мамырда Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Мирзо Ұлықбек атындағы Самарқанд мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінің (бұдан әрі - Самғасу) ректоры Чигдем Чанбай Түркайлмаз ханыммен кездесу өткізді.
Тараптар ғылыми-білім беру, академиялық және гуманитарлық ынтымақтастық, екі елдің оқу орындары арасында тәжірибе алмасу мәселелерін, сондай-ақ Білім және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Самғасу мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары – Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА), Қ.Сәтбаев және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті арасында академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ректор университеттің құрылу және даму тарихы, кең ауқымды ғылыми және практикалық жұмыстар туралы хабардар етті. Сондай-ақ, Қазақстанның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдірді.
Өз кезегінде Бас консул екі ел арасындағы ғылыми-білім беру және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.