Бас консул "Самарқанд-ислам әлемінің мәдени астанасы 2025"жылының ашылу салтанатына қатысты

Бас консул "Самарқанд-ислам әлемінің мәдени астанасы 2025"жылының ашылу салтанатына қатысты

2025 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасының Самарқан қаласындағы Бас консулы Талғат Шәріпов «Рухани мұра және ислам әлемінің мәдени өрнектері» атты халықаралық форумға және 2025 жылғы «Самарқанд – Ислам әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанатына қатысты.

Іс-шараны Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі мен Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша ұйымы (ICESCO) ұйымдастырды. Форумға 20-дан астам елдің мәдениет министрлері, дипломатиялық корпус өкілдері, халықаралық ұйымдар, ғалымдар мен өнер қайраткерлері қатысты.

Талғат Шәріпов өз сөзінде бұл алаң мәдени байланыстарды нығайтуға және ортақ рухани әрі тарихи мұраны сақтау мен насихаттау мәселелерін талқылауға ерекше мүмкіндік беретінін атап өтті. Ол мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты халықтар арасындағы диалог пен өзара түсіністіктің маңызды құралы ретінде бағалады.

Самарқандтың 2025 жылы ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесін алуымен қаланың мәдени, ғылыми және туристік әлеуеті кеңінен танылады деп сенім білдірді.

ICESCO-ның діни бірлік пен диалогты дамытуға бағытталған күш-жігерін атап өтіп, Талғат Шәріпов 2025 жылдың қыркүйегінде Астанада өтетін VIII Дүниежүзілік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезіне ислам әлемінің елдерін белсенді қатысуға шақырды.