Санкт-Петербург, 8 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының өкілдері мен Санкт-Петербург қаласындағы әскери оқу орындарында оқитын қазақстандық тыңдаушылар дәстүр бойынша Пискаревск мемориалдық зиратында орналасқан «Мать-Родина» монументіне және – Ленинградты қорғаушыларына атты Қазақстанның тумаларына арналған мемориалдық тақтасына гүл қою рәсімін өткізіп, еске алды.
Еске алу шарасына дипломатиялық корпустың, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.