Санкт-Петербург, 6 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Санкт-Петербург қаласының Красногвардейск ауданындағы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті.
Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының, Санкт-Петербург қаласының Красногвардейск ауданының әкімшілігінің, Санкт-Петербург қаласының Сыртқы байланыстар комитетінің, Санкт-Петербург заң шығару жиналысының өкілдері, әскери академияның тыңдаушылары, қазақ диаспорасы және Санкт-Петербург қаласындағы №140 мектеп оқушылары қатысты.
Шара соңында салтанатты шараға қатысушылар саябаққа алма ағаштары мен гүлдер отырғызды.