Санкт-Петербург, 25 сәуірде - Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Бас консулдық қызметкерлері Ленинград облысы үкіметінің ұйымдастыруымен Невский Пятачок және Синявинск биіктерінде өткен халықаралық сенбілікке қатысты, онда Ленинградты қорғауда қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге ескерткіштер орнатылды

Киров ауданында консулдық және дипломатиялық корпустардың, ұлттық диаспоралар мен аймақтық қауымдастықтардың басшылары мен өкілдерін жинаған еске алу шаралары өтті. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында облыс тарихында алғаш рет «Невский Пятачок» және «Синявинск биіктері» мемориалдық кешендерінің аумағында халықаралық сенбілік өтті. 

Абаттандыру жұмыстары басталмас бұрын сенбілікке қатысушылар «Невский Пятачок» мемориалына гүл шоқтарын қойды. Бір минуттық үнсіздіктен кейін «Синявинск биіктеріне» бет алды, онда аумақты абаттандыру мақсатында сенбілік өтті. Еске алу орындарын тазартты, ағаштар отырғызды, ескерткіш аумақтарын ретке келтірді.