Санкт-Петербург, ү.ж. 24 сәуірде - Кеңес халқының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты және еске алу іс-шараларын өткізу қарсаңында Бас консулдық қызметкерлері Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың ескерткішін қоқыстан тазартты

Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының көмегімен және Большая Охта муниципалдық округі Муниципалдық кеңесінің шешімі негізінде Красногвардейский ауданындағы А.Молдағұлова көшесі, 5 үйдің жанында орналасқан Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткіші Үлкен Охта муниципалитетінің меншігіне қабылданды. 

Сонымен қатар, көктемгі абаттандыру айлығы аясында Ә.Молдағұлова алаңында аумақты тазарту, орындықтар мен қоршауларды сырлау жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға Санкт-Петербург қаласының Сыртқы байланыстар комитетінің, Санкт-Петербург қаласының Красногвардейский ауданы әкімшілігінің, Санкт-Петербург Заң шығару жиналысының, Үлкен Охта муниципалитетінің және Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының өкілдері қатысты.